29 сәуір 2014 15:26

Ақтөбеде 1 мамырдан бастап жол ақысы қымбаттайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vaktobe.kz ©vaktobe.kz

Ақтөбеде 1-мамырдан бастап қоғамдық көлікте жүру ақысының тарифы көтеріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ақтөбеде 1-мамырдан бастап қоғамдық көлікте жүру ақысының тарифы көтеріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сыйымдылығы орта және үлкен автобустарда жолақы билетінің бағасы 55 теңге мен 60 теңгеге дейін көтеріледі. Шағын автобустарда жүру ақысы - 60 теңге болмақ. "Біз тарифті көтеру туралы ұсынысты әкімшілікке өткен жылы жіберген болатынбыз. Алайда жаңа тариф тек қазір ғана бекітілді. Айта кетейін, соңғы үш жылда баға көтерілген жоқ. Дегенмен осы уақыт аралығында көліктің қосалқы бөлшектері мен жанармай т.б. бағасы өсті. Бұл шара амалсыздан жасалынып отыр", - деді "Автопарк" қожайыны, "Емшан компаниясы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Мейіржан Өндіргенов.

Бұл ретте жеңілдігі бар адамдар бұрынғыдай тегін жол жүру билетімен қамтамасыз етіледі. Оларға 16 жасқа дейінгі балалар, І,ІІ,ІІІ топ мүгедектер, зейнеткерлер, соғыс ардагерлері жатады. Тасымалдаушы фирма жол ақының өсуін көлікті күту шығынымен, автопаркті жаңалау қажеттігімен және теңгенің құнсыздануымен түсіндірді.

Еске сала кетейік, дәл қазіргі таңда Ақтөбеде қоғамдық көлікпен жүру бағасы 45 және 55 теңге тұрады. Бұл көліктің үлкен-кішілігіне байланысты. Мәселен "ГАЗел" мен "Hyundai" маркалы көліктерде жүру құны 55 теңге болса, ал сыйымдылығы үлкен автобустарда жол жүру билеті - 45 теңгені құрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети