Биыл Ақтөбе облысында 62 оқушы қыз жүкті болып қалған. Олардың оны Ақтөбе қаласының мектептерінде оқиды екен. Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" басылымына өңірдегі бас акушер-гинеколог Мақсат Серғазин хабарлады.

Дәрігердің айтуынша, өткен жылы бұдан да көп қыз жүкті болыпты. Кәмелетке толмаған 99 оқушы тіркеліпті.
"Құқық қорғау органдары әрбір жағдайда зорлықтың болған-болмағанын анықтайды. Біздің балалар гинекологымыз Салтанат Тұбылбаева қаланың мектептерінде жыныстық тәрбие тақырыбында семинарлар өткізеді. Біз балалардың арасында сауалнама жүргізіп, көп жағдайда жыныстық қатынас туралы мәліметті достарынан, Интернеттен және БАҚ-тан алатынын білдік", - дейді Серғазин.
Оның айтуынша, балалардың тек 3 пайызына жыныстық тәрбие жайлы ата-аналары айтып береді екен. Ал ауылдық аймақтарға барып, семинарлар өткізуге мүмкіндігі жоқ. Ауылдық аймақтарда білім беру саласындағы өңірлік жұмысшылар семинар өткізеді.