Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды ІІМ баспасөз қызметі

Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері арнайы бағдарлама көмегімен 3 миллион теңге қарызы бар, шетел мемлекетінде есепте тұрған Lexus көлігін анықтады. "Қорғау" жүйесі арқылы анықталған азамат жол қозғалысы ережелерін тамыздың ортасынан бастап 119 рет бұзған.

Жол ережесін бұзушы Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол жылдамдық режимін асырған. Айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион 378 мың теңге болады.

"Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жолдардағы жауапсыздық көбіне қайғылы оқиғаларға әкеп соғады. Жүргізушілер бұл туралы ойлануы керек. Көлік жүргізушілері жазадан құтыламыз деп үміттенеді, бірақ олай емес. Полиция қызметкерлері мұндай жүргізушілерді тауып, жауапкершілікке тартады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, облыс орталығының көшелерінде жол қозғалысы ережелері бұзылғанын тіркейтін камералар орнатылған. Жыл басынан бері камералардың көмегімен жылдамдық режимін асырудың 77 мыңнан аса дерегі тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети