Ақтөбеде 13 жстағы қызды бұралқы иттер талап кетті, - деп хабарлайды astanatv.kz.
Ақтөбеде 13 жстағы қызды бұралқы иттер талап кетті, - деп хабарлайды astanatv.kz.
Телеарна мәліметінше, мектептен қайтар жолда ит талаған қыздың сау жері жоқ, әбден шошынып қалған. Қазір балалар ауруханасында ем алып жатыр. Анасы полицияға арызданған.
Ал ветеринарлар қаланың әр ауданында қаптап кеткен иесіз иттермен қалай күресетіндерін білмейді, себебі жаңа заңға байланысты ит аулау тоқтатылған.
"Шошынғаны соншалық балам ит деген сөзді естісе жылап қоя береді", - дейді итке таланған оқушының анасы Алтынгүл Жарылғапова.
Анасының айтуынша, оқушы қыз кешкілік сабақтан жалғыз қайтып келе жатқанда алдынан бір топ ит шығып, жан-жақтан жабылған. Абырой болғанда, көрші жігіт терезеден көріп қалып, баланы бір өлімнен құтқарып қалған. Бірақ денесінің сау жері жоқ. Түнімен аласұрып ұйықтай алмайтын көрінеді.
"Аң сияқты, қасқыр сияқты талап тастаған. Тістеп алып, кетіп қалса екен. Олар деген кәдімгідей талаған, дым жоқ баланың үстінен. Тек бетін жапқан бүйтіп, беті, мойыны қалған, соның өзінде басының терісін кәдімгідей жұлып алған. Тағы 3-4 минут талағанда кеңірдегін жұлып өлтіретін еді", - дейді анасы.
Дәрігерлер қыздың басын үш жерден, аяғын 21 жерден тіккенін айтады.
"Ауруханаға түскен кезде жарақатына байланысты жағдайы ауыр болды. Қазір жағдайы қалыпты. Бірақ, иттен қорқып қалған. Бүгін психолог келіп кеңес береді", - дейді дәрігерлер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!