Ақтөбеде әкім көпбалалы анаға құны жоқ сертификат тапсырған - БАҚ

viewings icon 1009 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Құны жоқ сертификат алған көпбалалы әйел. © astanatv.kz Құны жоқ сертификат алған көпбалалы әйел. © astanatv.kz

Ақтөбеде шенеуніктер көпбалалы анаға 2 миллион теңгенің сертификатын тапсырған. Алайда сыйлықтың құны жоқ болып шыққан. Ірі сомасы қағаздағы жазуда ғана болған. Бұл жайттың мән-жайын "Астана" телеарнасының тілшілері білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде шенеуніктер көпбалалы анаға 2 миллион теңгенің сертификатын тапсырған. Алайда сыйлықтың құны жоқ болып шыққан. Ірі сомасы қағаздағы жазуда ғана болған. Бұл жайттың мән-жайын "Астана" телеарнасының тілшілері білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшілердің мәліметінше, Айсұлу Құздыбаева - бес баласын аядай үйде тәрбиелеп отырған ана. Қалаға әйел таяуда келгені айтылады. Алайда жатақханадағы бөлме 14 шаршы метр ғана. Не жөндеуі жоқ, не жиһазы жоқ.

Оның бұл жағдайын еріктілер біледі. Қаражат жинап, бөлмеге жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қажеттің бәрін сатып алып берген. Жөндеу жұмыстары бірнеше апта бұрын аяқталған.

1 наурызда әйел Алғыс күніне арналған шараға шақырылған. Ақтөбе облысының әкімі көпбалалы анаға салтанатты шарада сертификат табыстаған. Бірақ отбасы ақшаны қайдан аларын білмеген. 

"Облыс әкімі тапсырды. Екі миллионым бар деп, енді оған сәл ақша қосып, басқа баспана сатып алғым келген. Көршілерім келіп құттықтаған. Сөйтсе, бұл жай ғана қағаз болып шықты", - дейді көңілі қалған Айсұлу.

Шенеуніктер болса әйелге бұл сертификаттың құны жоғын ескерткенбіз деп отыр. Ол Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы атынан көпбалалы анаған көрсетілген көмекті көрсету үшін тапсырылған болып шықты. 

"Жастардан жөндеу жұмысына қанша ақша шығардыңыздар деп сұрадық. Олардың айтуынша, жөндеу жүргізіп, жиһаз сатып алған, жалпы екі миллиондай шығарған. Көрсетілген көмектің сомасын көрсету үшін Айсұлуға осы сертификатты тапсырдық. Бұған ақша бере ме деп те сұраған. Берілмейтінін түсіндірдік, бұл сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізілгенін айтып, осыны көрсеткіміз келді", - дейді Қазақстан халқы ассамблеясы Ақтөбе облыстық филиалы хатшылығының жетекшісі Маржан Қорғанбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

15°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю