Ақтөбеде алты баласы бар көпбалалы отбасы көмек сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кез келген көмек артық болмайды: азық-түлік, дәрі-дәрмек. Отбасында алты бала бар, үлкен - 13 жаста, ең кішісі - 7 айлық.
Ақтөбеде алты баласы бар көпбалалы отбасы көмек сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кез келген көмек артық болмайды: азық-түлік, дәрі-дәрмек. Отбасында алты бала бар, үлкен - 13 жаста, ең кішісі - 7 айлық.
Анасы нәрестесімен бірге жұқпалы аурулар ауруханасына түскен, жеті айлық балаға ұшық ауруы тиген деген диагноз қойылған. Отағасы Батыр Тоқмамбетов балаларымен отыру үшін уақытша жұмысынан шығуына тура келген.
"Менің жалақым - 45 мың теңге, 10 мың - көпбалалы болғанымыз үшін аламыз, 21 мың - бір жасқа дейінгі балаға алатын жәрдемақы. Қаражат балабақшаға жұмсалады - 22 мың теңге, дәрі-дәрмек пен несиеге - 50 мың теңге. Әйелім жұмыс істемейді, балалармен отырады. Бұрын мектепте еден жуатын. Туыстар? Қазір біреу біреуді сүйрейтін заман емес, әркімнің өз мәселесі бар. Алақан жайып кімге барасың? Менің арманым - балаларымды ешкімнен қалдырмай оқытсам деймін", - дейді Батыр Тоқмамбетов.
Отбасы саяжай массивінің аумағында тұрады. Отағасының айтуынша, ол барын салып отбасын асырауға талпынады, алайда денсаулық сыр бере бастаған. "Соңғы екі ай бойы аяғым ауыратын болды, ешкім диагноз қоя алар емес. Бір жағынан балалар ауырып жатыр. Қазір міне кішкентайымыз ауырып қалды. Әйелім соның жанында, мен басқа балаларыммен. Жақында ғана жұмысқа шыққан едім, қайтадан денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз деген қағаз алу керек болды. Күзетші болып істеймін, онда ауырпалық аз, мына аяқпен маған бес келіні де көтеруге болмайды", - дейді ер адам.
һ
Олар тұратын үй бірнеше рет жөнделген: басында су тасқынынан, сосын өрттен зардап шеккен. Қазір мұнда тек газ жүргізу қалды.
"Қыста үйді пешпен жылытамыз. Биыл үш тонна көмір жақтық, бұл дегеніміз 120 мың теңге. Әкімдіктегілер газ жүргіземіз деп уәде еткен еді. Екінші жыл болды. Көмірмен көмектесеміз деген еді, алайда қарапайым адамдап жәрдемдесті", - дейді көпбалалы әке.
Тоқмамбетовтың отбасына еріктілер көмектеседі. Отбасының жағдайы туралы әлеуметтік желіде жиі жазып жүрген Еактерина Голотинаның айтуынша, олар шала құрсақ өмір сүріп жатыр екен.
"Дәл қазір Батыр ауырып жатыр. Алайда ол жұмыс істеп жүр,ол талпынып жүр, алайда оның жалақысын бермейді. Олар тойып бір тамақ ішіп жүр деп айта алмайсың. Алты баланы қамтамасыз ету оңай емес. Оларға көмек қажет. Олар шала құрсақ өмір сүріп жатыр. Үш күн бұрын дене қызуын түсіру үшін парацетамол таба алмаған", - дейді ерікті.
Отанасы Жаухар Мұқашеваның айтуынша, оның ең басты өтініші - дәрігерлердің күйеуін емдеп шығаруы. Сонымсен қатар, жаңа мектеп жылы келе жатыр, отбасында үш бала сабаққа баруы тиіс.
Суретте - Нұрбек, Сырғалым, Әлхакім. Сырғалым - отбасындағы жалғыз қыз.