Ақтөбеде арнайы жасақ операция жүргізді: қару-жарақ, граната және есірткі тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде арнайы жасақ операция жүргізді: қару-жарақ, граната және есірткі тәркіленді Бейнеден кадрлар

Ақтөбеде есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкеннің қызметі әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Ақтөбеде есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкеннің қызметі әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өңір аумағында есірткі сатумен айналысқан деген күдікке ілінген 38 жастағы тұрғынды ұстады.

"Санкцияланған тінту барысында күдіктінің тұрғылықты жеріндегі қойма үй-жайынан екі ұңғылы аңшы мылтығы, оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, револьвер, сондай-ақ Ф-1 гранатасы мен басқа да оқ-дәрілер табылып, тәркіленді", — делінген хабарламада.

Күдіктінің қылмыстық байланыстарын анықтау барысында оның танысы да қолға түсті. Жалға алынған пәтерде жүргізілген тінту кезінде полиция қызметкерлері гашиш майы (WAX) құйылған 70 құтыны және заңсыз қызметтен түскен болуы мүмкін қаражат тәркіледі.

"Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау және қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау деректері бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", — делінген материалда.

Полиция өкілдері есірткінің заңсыз айналымы мен қару сақтау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Ішкі істер министрлігі есірткі тарату арналарын анықтау және жою жұмыстары жалғасып жатқанын қосып өтті.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.33   566.72   6.77 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +24
Ақтау +29
Ақтөбе +23
Атырау +32
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +28
П
Павлодар +24
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +31
Тараз +35
Түркістан +24
О
Орал +30
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер