Ақтөбеде арнайы операция кезінде 3 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбеде арнайы операция кезінде 3 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының медициналық ұйымдарының мәліметінше, 5-10 маусым аралығында ауруханаға 39 адам жеткізілді, олардың 4-і облыстық аурханада, ал 33-і жедел медициналық көмек ауруханасында (1 емделуші 10 маусымда жеткізілген), қалған екеуі (10 маусымда жеткізілген) теміржол ауруханасында ем алып жатыр.
Осы уақыт бойы ауруханада жатқан 16 науқасқа стационарда емделуге кеңес берілді. Ауруханаға зардап шеккен 23 адам жеткізілген, олардың екеуі стационарда көз жұмып, бесеуі ауруханадан жазылып шыққан.
"Қазір Ақтөбедегі стационарда 16 зардап шегуші ем алып жатыр, олардың 13-нің жағдайы орташа, ал үшеуінің жағдайы ауыр (10 мамырда жеткізілген емделуші шұғыл ем алып жатыр). Ал бүгін 5 маусымда жеткізілген науқастардың бірі Астана қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығына жіберіледі", - делінген ведомствоның сайтында.
Бүгін ҰҚК өкілдері екі полицейдің жарақат алғанын хабарлаған болатын. Мясоедов пен Арынов көшелерінің қиылысында лаңкестердің сыбайласы патрульдік экипажға тегіс ұңғылы қарумен оқ атқан. Екі қызметкер жеңіл жарақат алды", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Айта кетейік, ҚР Антитеррористік орталығы биыл 10 маусымда Ақтөбе облысында терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб Ақтөбедегі террорлық актілерге қатысы бар азаматтарды ұстау бойынша операция жүргізіп жатыр.