10 ақпан 2018 | 13:03

Ақтөбеде ата-аналар орамалды қыздарын Ресейде оқытпақшы. Мамандар орамалдыларға арналған мектеп ашуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yvision.kz © yvision.kz

Білім ордасы мен ата-аналар орамал дауында ортақ шешімге келе алмай жатыр, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Білім ордасы мен ата-аналар орамал дауында ортақ шешімге келе алмай жатыр, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Орамалды оқушы. Қазақстанда мектеп қабырғасындағы қыздардың жаулық таққанына оқу әкімшілігі қарсы. Ал діни ұстанымға сүйенген кейбір ата-ана білім ордасының  бұл талабына көнгісі келмейді. Қажет болса, шет елге көшуге мәжбүрміз, дейді үлкендер. Ал балалар кімнің айтқанымен жүруді білмей дал.

Журналист Әйкерім Ердәулетқызының айтуынша, соңғы уақытта мұғалімдер тарапы жаулық таққан оқушыларды жатырқай қарайды. Оның өз себебі де бар. Ұстаздар қауымы баланың орамалмен сабаққа келуі ішкі тәртіпке сай еместігін айтса, ата-аналардың бұл бұйрыққа көнгілері жоқ.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы, Чапаев ауылындағы №1 орта мектепте Қамзин Ерланның 4 қызы білім алып келген. Ата-ананың айтуынша, 16 қазаннан бастап оқушылар орамал таққаны үшін дәріс ала алмай жүр. Әкенің ашынғаны соншалық, істі сотқа дейін жеткізіп, соңғы нүктені судья қойсын, дейді. Чапаев ауылында 20 оқушы оқу жылының басынан қазан айына дейін оқуға орамалмен барған. Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде, 16 оқушы қыз жаулықты шешкен. Қалғандарының ата-анасы бұл талапқа бағынбайтындықтарын ашып айтқан. Жалпы Батыс Қазақстан облысы бойынша, орамалды шәкірттер саны белгісіз. 

"Не себепті сабаққа кіргізбейсіздер десем, білім және ғылым министрінің 26-бабы 13-тармағына сүйендік, дейді. Ол тармақта бала кимешекпен келе ме, орамалмен келе ме, мектепке келмесін, мектептен шығарылсын деген қағида көрінбейді. Менің талап-арызым бойынша, сотта іс қаралып жатыр", - деді Ерлан Қамзин.

Бұл азаматтың айтып тұрғаны, Конституцияда көрсетілген бап емес, ол Білім және ғылым министрілгінің 2016 жылдың 14 қаңтарында шығарған 26-шы бұйрығы. Оның 13-ші тармағында былай делінген: Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

Бұл бұйрық Конституцияға қарама-қайшы ма? Бұл сұраққа құқыққорғаушылар жауап берді.  

"Меніңше, бұл бұйрық Конституцияға қайшы келеді деп есептеймін. Өйткені, 14-баптың 2-тармағы: Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды. 19-баптың 1-тармағы: Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы", деп көрсетілген. Қыз баланың орамал таққаны оның қандай да бір дінді насихаттағанын аңғартпайды. Заңда діни киім деп нақты киім үлгілерін көрсетпеген", - деді құқыққорғаушы Серік Айтбаев.

Ал, халықаралық құқық қорғау қоғамдық қорының директоры Жанділдә Жақыпов ұстаздардың оқушыны мектепке кіргізбей, білім алудан алшақтатқандары дұрыс емес деген пікірде. Әуелі, баланы  білім ошағының табалдырығынан өткізіп барып, кейін ата-анамен бөлек жұмыс жүргізіп, тиісті шара қабылдауы керек еді, дейді ол. Бастысы баланың құқығы бәрінен де жоғары. Түптеп келгенде арнайы заң қабылдамайынша, мәселенің шешпек түгілі, күрделеніп кетуі мүмкін екенін де ескертті.

Жәнділдә Әжіғалиұлы бұл тығырықтан шығудың тағы бір тетігі орамалды оқушыларға арналған арнайы мектеп ашу дейді. Бұл ойды дінтанушы Асылбек Ізбайыров та қос қолдап қолдайды. Бұл туралы таяуда Діни істер министрі Нұрлан Ермекбаев та айтып қалды. Алайда сарапшылар дін мен дәстүрді айыра білген жөн екенін алға тартады. Мұнда әңгіме хиджаб жөнінде емес, мәселе тек орамалда. Хиджаб араб тілінен "шымылдық" дегенді білдіреді. Яғни, әйел адамның толықтай сырт келбетін толықтай жабады деген мәнге ие. Ал арызданушы әкелер қыздарына тек кимешек кигізіп жатқанын алға тартты. Десе де, кимешек келіннің ана болғаннан кейін киетін бас киімі.  

Ойланарлық мына бір жәйт бар. Ол орамал таққаны үшін екі айдан бері сабаққа қатыса алмай жүрген Ақтөбе облысының оқушыларын ата-аналары Ресейде оқытпақшы. Нақтырақ айтсақ, ұзаққа созылған теке-тірестен шаршаған олар, Мәскеудегі ақылы, бірақ қашықтан оқытатын мектептерге бермек. Ата-аналар оқудың бір жылдық бағасы 200 мың теңге екендігіне қарамастан, осындай байламға келген. Азаматтардың уәжі мен министрілік талабының ортақ мәмілеге келуіне тек Ата Заң ғана себепші болмақ. Сондықтан алдағы уақытта мектеп формасына қатысты тағы бір реформаның болуы да бек мүмкін.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети