Ақтөбеде ауызашарға барған шенеуніктердің басы дауға қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде ауызашарға барған шенеуніктердің басы дауға қалды © ktk.kz

Ақтөбеде қалалық мәслихат хатшысы мен кәсіпкерлер палатасының төрайымы, оған қоса облыстық мәслихат депутатының басы дауға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде қалалық мәслихат хатшысы мен кәсіпкерлер палатасының төрайымы, оған қоса облыстық мәслихат депутатының басы дауға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Анар Даржанова мен Сұлупан Шынтасова ұжымдық мерекеде ұсталды. Айта кетейік, өңір бірнеше апта "қызыл" аймақтан шыға алмай тұр. 

Бұл ретте депутат Шынтасова жақында ғана жергілікті телеарна эфирінде кәсіпкерлерді карантин сақтауға шақырған болатын. Енді өзі ақталуға мәжбүр. Халық қалаулысы шақырған ауызашарға барудан бас тартуға ыңғайсызданғанын айтты. 

"Менің әрекетім дұрыс болмады. Бірақ тағы да айтамын, біз қазақ болғандықтан мені көңіл шайға шақырды, сондықтан келісім бердім. Барғанымды жоққа шығармаймын. Маған айыппұл жазуды өзім сұрадым", - дейді Ақтөбе облысы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының төрайымы Сұлупан Шынтасова. 

Санитария дәрігерлер ұжымдық ауызашарға қатысқан барлық адамды анықтап жатыр. Мейрамхана иесі же жазаланады. 

"Әрине, мен мұны көрдім. Қала әкімдігі жанындағы мониторингтік топқа осы іс-шараға қатысушылардың барлығын анықтау үшін фото жіберілді. Барлығына әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданады", - деді Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети