Ақтөбеде автобуспен жол апатына ұшыраған балалардың аналары үндеу жолдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ktk.kz © ktk.kz

Ақтөбеде автобуспен жарысқа бара жатып, жол апатына түскен оқушылардың аналары үндеу жолдады. Олар бес айдан бері бірде-бір шенді балалардың жағдайын біліп келмегеніне өкпелі. Сондай-ақ, бірнеше күрделі ота жасалған жеткіншектерді оңалту керек деп талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде автобуспен жарысқа бара жатып, жол апатына түскен оқушылардың аналары үндеу жолдады. Олар бес айдан бері бірде-бір шенді балалардың жағдайын біліп келмегеніне өкпелі. Сондай-ақ, бірнеше күрделі ота жасалған жеткіншектерді оңалту керек деп талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Тоғыз оқушы мен олардың бапкері мінген көлік жол апатына былтыр желтоқсанда ұшыраған. Оқиға орнында бір бала қаза тапты. Сегізі түрлі жарақат алды. Бесеуінің жағдайы ауыр болды. Балаларға бүгінде бірнеше ота жасалған. Екеуі үйден оқып жатыр. Екеуіне де денсаулығына байланысты мүгедектік тағайындалған. Енді аяққа тұрып кету үшін ұзақ оңалту шаралары қажет. Негізгі талабы "салаға жауапты шенділер көмегін берсін" дейді. Қазір бұл оқиғаға қатысты көлік тізгіндеген спорт мектебі директорының орынбасарына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Оған екі баппен айып тағылған.

"Оңалту болғанда, біздің басқарма тарапынан мұндай мәселе қаралмаған. Дегенмен басқа да мектептеріміз бар, облыстағы спортшылар қауымдастығы бар, соларға үндеу тастап, осындай жағдайда бәріміз қол ұшын берейік. Сонымен қатар, қайырымдылық турнирін ұйымдастырып, түскен қаражатты, азды-көпті болса да, балаларға жәрдем ретінде беру шаралары атқарылып жатыр", - деді Ақтөбе облысы спорт басқармасының бөлім басшысы Айбат Ермекбаев

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro