Ақтөбеде балалардан 240 миллион теңгеден аса қаржы жымқырылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде балалардан 240 миллион теңгеден аса қаржы жымқырылған Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтөбе облысындағы бала-бақшаларда бюджет қаражатын заңсыз талан-таражға салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы бала-бақшаларда бюджет қаражатын заңсыз талан-таражға салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандары прокуратуралары мектепке дейінгі мекемелерде 240 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын талан-таражға салу деректерін анықтады.

"Бюджет қаражаттары жұмысшыларға қосымша сыйлықақы беруде бюджеттік өтінімдерді негізсіз жоғарылату арқылы иемденiлген. Бақылаусыз өзгерістер енгізіліп, оның ішінде басшыларға сыйлықақы беру туралы бұйрықтарға сомаларды асыра көтерген. Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, аударымдарды қайталау, жалған іссапарлар арқылы жүзеге асырылған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, есепшілердің бірі кейбір қызметкерлерге жоғарылатылған жалақы, қосарланған еңбек демалысы мен іссапар төлемдерін заңсыз есептеу арқылы жалпы көлемі 24 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.

"Осы қаражаттар ешқандай негізсіз есепшінің немесе бала-бақша меңгерушісінің жеке есепшоттарына аударылған. Аудан прокуратураларымен аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшыларына, 3 бала-бақша меңгерушілері мен 4 есепшілеріне қатысты ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) соталды тергеп-тексеру басталды", - делінген хабарламада.

Барлық көрсетілген деректер бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети