19 тамыз 2018 | 11:48

Ақтөбеде балаларын балық аулап асыраған әйелге көмек көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Лилия Беликова/aktobetimes.kz © Лилия Беликова/aktobetimes.kz

Ақтөбе тұрғындары көпбалалы анаға көмек қолын созды, ол балаларын аштықтан сақтау үшін балық аулауға мәжбүр болған, деп жазды "Ақтөбе Таймс".


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе тұрғындары көпбалалы анаға көмек қолын созды, ол балаларын аштықтан сақтау үшін балық аулауға мәжбүр болған, деп жазды "Ақтөбе Таймс".

Бұған дейін Вера Козлова басылымға сұхбат беріп, балаларына тамақ әперуге ақшасының жоқ екенін айтқан. Әйелдің бес баласы бар, олардың екеуінің денсаулығы нашар, қазір ем алып жатыр. Жаңақоныстағы емханада жатқан қыздарын көріп қайту үшін әйел көптеген шақырым жолды жаяу жүріп өтеді, себебі жолақысын төлейтін ақшасы жоқ. Ал балалары түскі асқа аналарының аулап әкелген балығын жейді.

Әйелдің ауыр тағдыры қала тұрғындарының жүрегін ауыртпай қоймады. Оған адамдар хабарласып, киім-кешектер, азық-түлік пен ақша әкеле бастаған. "Маған бұлай көмектеседі деп күткен жоқпын, - деді Вера толқып. - Адамдар киім-кешек, бәрімізге күрте әкеліп берді. Көкөніс әкелді - қызанақ, қияр, бұрыш. Мен оны тұздап қойдым. Ауруханадағы қыздарыма бірінші рет банан, печенье, кәмпит апардым. Көп сүт әкелдім, кішкентайларым үшін өте жақсы. Енді балалар жақсы тамақтана бастады - оларға тұшпара, бұқтырылған картоп, ботқа әзірлеп беремін. Көпшілігі рухани қолдау көрсетеді. Бір әйел қой алып келіпті және ол "Қазақстанның болашағы - балаларың үшін", деді. Ол маған "жарайсың, сағыңды сындырмай, балаларыңды интернатқа бермепсің", деді. Бірақ, жасырын номермен хабарласып, жаман сөздер айтып, ұрсып, қарғайтындар да бар. Оларға мән бермеуге тырысамын".

Вераның қыздары мектепке дайын, оларға киім мен аяқ киімнен бөлек, оқуға қажетті заттарды да әкеліпті. Қазір көпбалалы ана қайырымды тұрғындардың арқасында өзін сенімді ұстайды. Алайда анасы мен балаларының өз үйі туралы арманы орындалмай қала берді, олар қазір жатақхана жағалап жүр. Ол биліктегілер оның отбасына назар аударып, арманның жүзеге асуына көмектеседі деп үміттеніп отыр.

"Көмектесіп, маған және менің балаларыма қолдау көрсеткен әр адамға алғысымды айтамын. Осындай игі істеріңіз үшін, рақмет!", - деп көзіне жас алды көпбалалы ана.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети