Ақтөбеде бассейнге барған балалардың денесін бөртпе басып кетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде бассейнге барған балалардың денесін бөртпе басып кетті

Ақтөбедегі су спортына арналған мектеп тәрбиеленушілерінің денесіне бөртпе қаптаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі су спортына арналған мектеп тәрбиеленушілерінің денесіне бөртпе қаптаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ата-аналар мұны Достық кешеніндегі бассейннің дұрыс тазартылмауымен байланыстырып отыр. Себебі суға хлорды шектен тыс қосуы мүмкін.

"Балаларда құрғақ жөтел бар. Жүректері айнитынын айтып шағымданады және денелерінде аллергиялық жаралар қаптап кетті. Бассейнге жарыс көруге келгенде хлордың исінен көзіміз қатты ашып, демала алмай қаламыз. Хлорды тым көп қосады, болмаса сапасы дұрыс емес хлор қолданады", - дейді Ақтөбе тұрғыны Динара Құттығалиева.

Достық кешеніндегі бассейнге қатысты спорт мектебінің 30-дан аса ата-анасынан әкімдікке арыз түскен. Олар балаларының бассейннен кейін көзі қызарып, тоқтаусыз жөтеліп, денесін қызыл бөртпе басатынын айтады. Шымыр болсын деп жүзуге берген оқушылар аллергияға шалдығып жатыр деп ашынады.

Ал бассейннің тазалығына жауапты спорт мектебінің басшылары суды жылына бір рет жаңартатынын, басқа уақытта хлор қоспасымен залалсыздандыратынын айтады.

"Осы жағдайға байланысты тексеру жүріп жатыр. Бүгін санитар мамандарды шақырдық. Олар бассейннің суынан сынама алды. Барлығы сол сынаманың қорытындысынан кейін белгілі болады", - дейді Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети