08 қазан 2024 | 16:23

Ақтөбеде демеушілік қаражат есебінен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысалы, М.Мәметова көшесіндегі (№14 үйдің жанында) қоғамдық кеңістікте "Анвар" сауда желісі абаттандыру жұмыстарын аяқтап жатыр.


Иконка комментария блок соц сети

Мысалы, М.Мәметова көшесіндегі (№14 үйдің жанында) қоғамдық кеңістікте "Анвар" сауда желісі абаттандыру жұмыстарын аяқтап жатыр.

Ақтөбе қаласының 155 жылдығын мерекелеу аясында бес кәсіпкер ұйым аллеялар мен скверлерді абаттандырып жатыр. Урбанистика орталығы онға жуық эскиз әзірледі. Олар бойынша саябақ шамдары, орындықтар мен урналар орнатылып, шағын сәулет нысандарын қою және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

"Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз, мұндай қоғамдық кеңістіктер пайдасыз күйде бос жатпауы тиіс, олар біздің тұрғындарымыз үшін жайлы демалыс және қауіпсіз орта функцияларын орындауы тиіс", - деді қала әкімі Азамат Бекет.

Айта кету керек, ақтөбелік кәсіпкерлердің бастамасы бойынша демеушілік қаражатқа қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары Абай аллеясында ("Нұрдәулет" сауда орталығы мен "Көктас" фитнес-орталығы арасында), Әбілқайыр хан даңғылындағы (Сазда шағын ауданы) қоғамдық кеңістікте, Әбілқайыр хан даңғылында (бұрынғы "Томирис" мейрамханасының жанында) жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 495.09   526.18   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети