Ақтөбеде “Ескерткіш – ел тарихы“ акциясы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде “Ескерткіш – ел тарихы“ акциясы өтті

29 тамыз күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық ортылығының ұйымдастыруымен "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық шарасы аясында өңірдегі тарихи ескерткіштердің айналасын тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша "Ескерткіш – ел тарихы" акциясы өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

29 тамыз күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық ортылығының ұйымдастыруымен "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық шарасы аясында өңірдегі тарихи ескерткіштердің айналасын тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша "Ескерткіш – ел тарихы" акциясы өтті.

Жас табиғат жанашырлары бұл жолы А.Жұбанов және Ғ.Жұбанова ескерткішінің маңын тазалады. Олар гүлзарларды тазалап, ескерткіштерді жуып, ескерткіш аумағын қоқыс қалдықтарынан тазартып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Қала тұрғындарына көңілді демалыс, таза ауа, әдемі орта сыйлау үшін саябақтың ішін жаңғыртып, жасартып, жапырақтан тазартып, ескерткіштерді жуып жатырмыз. Орталықтың ұйымдастыруымен тазалық жұмыстары үздіксіз ұйымдастырылып келеді-, дейді орталық басшысы Самғат Артығалин.

Қала жастарын табиғатты аялауға, қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке орталық қызметкерлері, белсенді жастар мен жас депутаттар қатысты.

Біз қала тұрғындарын елімізде басталған "Таза Қазақстан" акциясын қолдауға шақырамыз. Егер әркім өз ауласын, өз маңын таза ұстаса қаламызда таза әрі көркем болары сөзсіз-, дейді орталық маманы Дастан Құрманбай.

Әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті де көрікті болуы қала тұрғындарының жанашырлығына тікелей байланысты. Өйткені, тазалық пен тәртіп кез келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындар мәдениеттілігінің өлшемі.

Экологиялық акцияға қатысушылар орталық тарапынан санитарлық құрал – жабдықтармен (тырма, күрек, сыпырғыш) және қапшықтар, арнайы қолғаптар мен экологиялық акцияға арналған футболкалармен қамтамасыз етілді.

Tengrinews
Ақтөбе әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети