Ақтөбеде жағымсыз иістің қайдан шыққаны анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жағымсыз иістің қайдан шыққаны анықталды Фото:depositphotos.com

Соңғы кездері Ақтөбе қаласына тараған жағымсыз иістің ошағы анықталды. Бұл туралы облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы кездері Ақтөбе қаласына тараған жағымсыз иістің ошағы анықталды. Бұл туралы облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ербол Қуановтың айтуынша, қалада жағымсыз иістің шығу дерегі бойынша табиғатты қорғау прокуратурасы, облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің (СЭС), экология департаменті зертханалық бөлімінің мамандары бірлесіп жұмыс жүргізген.

Алынған ауа сынамасы, зертханалық шаралар арқылы жағымсыз иістің шығу ошағы анықталып отыр.

"Жағымсыз иістің шығу ошағы құстың саңғырығын (куриный помет) органикалық тыңайтқыш ретінде қолданған шаруашылық аумағы болып отыр. Алға ауданының Бестамақ ауылы мен Ақтөбе қаласының арасында орналасқан "Ақтөбе агро" шаруа қожалығы Ақтөбе қаласының 41-разъезд аумағындағы құс фабрикасынан көп көлемде құстың саңғырын органикалық тыңайтқыш ретінде алып, 120 гектар жерді тыңайтуға пайдаланған.

Тыңайтқышты жайған кезде оның иісі желдің екпінімен қаланы түгел алып кетіп отыр. Бұл анықталған бойдан біздің мамандар орынға шығып, шаруа қожалығының басшылығына ол жерге енді мұны пайдаланбау туралы ескертіп, нұсқама берді. Олар екі-үш күнде тыңайтқыштың қалған қалдығын қаладан және жалпы халық тұратын елді мекендерден алыста орналасқан алқаптарына шығарып тастайтын болды.

Сондай-ақ, 41-ші разъезд аумағында орналасқан құс фабрикасы да біздің назарымыздан тыс қалмады. Оларға ауаны тазалайтын озонация технологиясын қолдану жөнінде талап қойылды. Олар екі айда қондырғыны орнатуды міндеттеріне алып отыр", - деді Ербол Қуанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети