27 қазан 2019 | 10:56

Ақтөбеде Жалаңтөс Баһадүрге арналған ескерткіш ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ХVI-ХVII ғасырларда өмір сүрген қазақ батыры, әскербасы, Самарқан қаласына әмірлік жүргізген Жалаңтөс Баһадүрге арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ХVI-ХVII ғасырларда өмір сүрген қазақ батыры, әскербасы, Самарқан қаласына әмірлік жүргізген Жалаңтөс Баһадүрге арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Игі шараға Түркия, Әзірбайжан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мемлекеттерінің белгілі ғалымдары және республиканың түрлі аймақтарынан тарихшы ғалымдар мен танымал тұлғалар, зиялы қауым өкілдері, Жалаңтөс Баһадүрдің ұрпақтары қатысты.

Салтанатты шараға арнайы келген құрметті қонақтар ғалым Берекет Кәрібаев, ҚР Қорғаныс министрлігінің бас штаб бастығының орынбасары, батырдың ұрпағы генерал-майор Таласов Мұхамеджан, ақын Светқали Нұржанов, Қызылорда облысының құрметті азаматы Нажмадин Мұсабаев, ҚР Мәжіліс депутаты, ақын Бақытбек Смағұл қолбасшы батырдың өмірінен сыр шертіп, тарихи деректерді келтіріп, рухты жырларын арнады.

Аталған ескерткіш "Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы" қайырымдылық қорының қаржысына салынған. Ескерткішке жұмсалған қаржы көлемі - 110,0миллион теңге Қоладан құйылған ескерткіштің жалпы биіктігі 5,15 метрді құрайды. Ескерткіш авторлары белгілі мүсінші Тоқтар Ермеков және Жеңіс Жұбанқосов.

Аймақ басшысы бұл тарихи шараның мән-маңызына кеңінен тоқталып, қаншама елдерден келген қонақтарға алғыс білдірді.

"Соңғы жылдары Елбасының бастамасымен қаламызда көне тарихтан сыр шертетін қоғам қайраткерлерімен тарихи тұлғаларға - Сәрке батырға, Нағашыбай Шайкеновке, Бөкенбай батыр Қарабатырұлына ескерткіштер ашылды. Елімізге еңбегі сіңген 20-дан астам тұлғаның тұрған үйлеріне мемориалды тақта орнатылды. Алдағы уақытта Едіге батырға, Есет Көкіұлына, Шәмші Қалдаяқовқа, Мәншүк Мәметоваға ескерткіш орнату жоспарланған. Ал бүгін ашылып отырған Жалаңтөс Баһадүр ескерткіші де халқымыздың даңқты қолбасшысына көрсетілген ерекше құрметі. Жалаңтөс баһадүр XVI-XVII ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайға тегеурінді ықпалын жүргізген әйгілі жаһангер, ұлы қолбасшы, көреген стратег, білікті мемлекет қайраткері ретінде тарихта аты қалған ұлы тұлға. Халқына еңбегі сіңген даңқты тұлғаларына лайықты құрмет көрсету, есімін ел жадында қалдыру - ерлігіміздің даңқы, елдігіміздің нышаны", - деп атап өтті өңір басшысы.

Содан кейін облыс әкімі Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні мерекесі аясында "Табыс" базарында ұйымдастырылған жәрмеңкені аралап, кәсіпкерлермен емен-жарқын сөйлесіп, мерекелерімен құттықтады. Аймақ басшысы жәрмеңкеге өз өнімдерін әкелген жергілікті кәсіпкерлерден дәстүрлі азық-түлік тағамдарын сатып алды.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында 11,4 миллиард теңге субсидия бөлінді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға немесе 1,7 миллиард теңгеге артық. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарына "КазАгро"ҰБХ" АҚ арқылы 15,9 миллиард теңге жеңілдетілген несие берілді. Нәтижесінде үстіміздегі жылдың 9-айдын қорытындысы бойынша 200 миллиард теңгеге ауыл шаруашылғының өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,2 пайыз құрап отыр. 9 ай ішінде салаға 16,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылдан 102 пайызға артты.

Өңір басшысы ҚР Тұңғыш Президенті демалыс саябағында өткен Талғат Бигелдинов Әуе Қорғанысы Күштері Әскери институтының 2019 жылғы жас офицерлерді шығарып салу салтанатты шарасына қатысты. Шара барысында үздік деп танылған түлектерге жоғары білім туралы дипломдары мен төс белгілерін табыстап, құттықтау сөз сөйледі.

Атап кетейік, әскери институт қабырғасынан биыл 104 түлек бітірді. Оның 94 курсанты қазақстандықтар болса, 10-ы Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары.

Облыс әкімі О.Оразалин "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы ғимаратында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған облыстық конференцияға қатысып, сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. Фойеде орналасқан көрме жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығы бағытындағы өз өнімдерін ұсынған кәсіпкерлерге қолдау көрсету жұмыстарын арттыру жөнінде өз орынбасарлары мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

"Ауыл шаруашылығы ерекше салалардың бірі. Ол экономиканың ғана емес, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың айнасы. Биылғы жылы облыс аумағында орын алған құрғақшылыққа қарамастан, еңселеріңізді түсірмей еселі еңбек еттіңіздер. Өңір аграршылары үшін биылғы ауыл шаруашылығы науқандары жеңіл болған жоқ. Алайда, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, дәнді дақылдардан тәуір өнім алынды. Мемлекет ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін алдағы уақытта да қолдай беретін болады", - деп атап өтті облыс әкімі конференция қатысушыларымен кездесуде.

Шара соңында облыс басшысы ауыл шаруашылығы саласының үздіктері танылған бірқатар азаматтарға арнайы төс белгілері мен министрліктің грамоталарын, облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети