Ақтөбеде Жаңа жыл түнінде өрттен әйел адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде Жаңа жыл түнінде өрттен әйел адам қаза тапты

Ақтөбеде Жаңа жыл түні өрт шығып, салдарынан 58 жастағы әйел қаза тапты. Тағы бір 82 жастағы әйел зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласындағы Махамбет Өтемісұлы көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама ТЖ қызметіне 1 қаңтарда түнгі сағат 1-де келіп түскен. Өрт сөндірушілер жетісімен жатын бөлмедегі 10 шаршы метр аумақтың өртенгенін анықтаған. Өрт кезінде газ иісінен екі адам зардап шекті.

"Оқиға орнына 4 техника мен 24 адам аттанды. Келген бойда жатын бөлмеде өрт шыққаны анықталды. Өрт 2 сағаттың ішінде сөндірілді. Салдарынан үйде тұратын екі адам зардап шекті. 58 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жетпей көз жұмды. 82 жастағы қарт әйел аман қалып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети