Ақтөбеде жасөспірім қармен жүретін көлікпен бір топ адамға соқтығысты: оқиғаның видеосы жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Polisia.kz Polisia.kz

Ақтөбедегі демалыс базаларының бірінің аумағында жасөспірімнің қармен жүретін көлікпен бір топ адамға соқтығысқан сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбедегі демалыс базаларының бірінің аумағында жасөспірімнің қармен жүретін көлікпен бір топ адамға соқтығысқан сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соқтығысу сәті түсірілген видео "Диапазонда" жарияланды. Видеода жасөспірім тізгіндеген қарда жүретін көлік халыққа соғылады.

Дәрігерлер ауруханаға жеткізілген адамдардың жағдайын айтты.

"Балалар ауруханасына 5 адам түсті. 17 жастағы жәбірленушінің оң аяғындағы жұмсақ тіні көгерген, оны қабылдау бөлмесінде тексерді, сол жерде көмек көрсетілді. 16 жасар қызда аралас жарақат алған, оң жамбасы сынған, жамбас сүйегі сынған, жабық бас миының жарақатын алған, кей жері көгерген. Баланың жағдайы ауыр. Тағы бір қыз ол да 16 жаста, бас миының жабық жарақатын алған, кей жері көгерген, миы шайқалған, төменгі жағы сынған, орташа ауырлықтағы жағдай. 1,5 жасар бала жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, жағдайы да орташа ауырлықта. 5 жасар балада маңдай, маңдай аймағы көгерген", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Зардап шеккендердің барлығы есін жиып, ем қабылдап жатыр.

49 жастағы зардап шеккен ер адма жедел жәрдем ауруханасына түсті, аяқ сүйектері сынған, жағдайы орташа.

Еске салайық, Ақтөбедегі демалыс орталығында төтенше жағдай 28 қаңтарда сағат 15:30-да болған. Полиция өкілдерінің мәліметінше, қарлы төбенің жанында қарда жүретін көлікпен кәмелетке толмаған жасөспірім бір топ адамды басып өткен. Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қаза тауып, 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro