29 мамыр 2021 16:06

Ақтөбеде жасөспірімдер суға батып бара жатқан 5 жасар баланы құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 17 және 15 жастағы жасөспірімдер өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде 17 және 15 жастағы жасөспірімдер өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"28 мамырда 17 жастағы студент Қарғалы өзенінің жағалауымен серуендеп бара жатқанда кенеттен суға батып бара жатқан баланы көреді. Жігіт ойланбастан суға секіріп, жағадан екі метрден аса жүзіп барып, баланы судан алып шығады. Сол кезде тағы бір 15 жастағы мектеп оқушысы айғайды естіп қоршаудан секіріп көмекке келген. Олар баланың жүрегін уқалап, жасанды тыныс берген. Бұл оның өмірімен күресте басты рөлдердің бірін атқарды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Кейін жедел жәрдем келген. ТЖД өкілінің айтуынша, сол кезде ғана жасөспірімдер тыным тапқан. Суға батып кете жаздаған бала 5 жаста, ол қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети