Ақтөбеде Жастар күніне орай бос орындар жәрмеңкесі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде Жастар күніне орай бос орындар жәрмеңкесі өтті Фото: Ақтөбе әкімдігің баспасөз қызметінен

Ақтөбе қаласының мансап орталығы мен Алматы ауданы әкімдігі және «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігінің АОФ ұйымдастыруымен Жастар күніне орай кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласының мансап орталығы мен Алматы ауданы әкімдігі және «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігінің АОФ ұйымдастыруымен Жастар күніне орай кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған шараның мақсаты – жұмыссыз және өзін-өзі қамтушыларды тұрақты жұмыс орнына бағыттау, мемлекеттік бағдарлама аясында белсенді шараларға қатыстыру, ұлттық жоба шеңберінде құрылыс, инфрақұрылымдық жұмыстарға тарту, мемлекеттік қызметтер туралы мағлұмат беру.

Қатысушылар арасында Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жж арналған ұлттық жоба аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоғары және арнаулы-орта оқу орындары түлектеріне мамандықтары бойынша еңбек өтілін жинақтау мақсатында жастар тәжірибесі, алғашқы жұмыс орындары, ұрпақтар келісімшарттары ұсынылды.

Жәрмеңке қатысушылары арасында Бағдарлама аясында кәсіпкерліктің бастамасы - қайтарымсыз грант және жастарға арналған шағын несие алу, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Мемлекеттік қолдауға ие болған, қайтарымсыз грант иегерлері өнімдерінен көрме ұйымдастырылды.

Жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мақсатында өткізілген жәрмеңкеде нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берілді. Жұмыссыздар, өзін-өзі қамтушылар, аз қамтылған отбасы мүшелері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, борышкерлер, пробация қызметі есебінде тұрғандар және т.б. қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері қызметке түсу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл жәрмеңкенің маңыздылығы - оқуын аяқтаған түлектердің жұмыс берушілермен тікелей қарым-қатынас орнатып, әңгімелесу арқылы жұмысқа орналастыру.

Жәрмеңкеде 54 мекеме мен кәсіпорындарынан 503 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңкеге 167 жұмыссыз азамат жолықты, жәрмеңке барысында жалпы 93 жұмыссыз азаматтарға жолдама берілді.

Суреттер: Ақтөбе әкімдігің баспасөз қызметінен

Tengrinews
Ақтөбе әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети