Ақтөбеде жиі қылмыс болып, тұрғындардың тыныштығын алған кафе сүріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жиі қылмыс болып, тұрғындардың тыныштығын алған кафе сүріліп жатыр Фото Polisia.kz

Ақтөбеде жиі қылмыс болатын "Ақшатау" кафесі сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жиі қылмыс болатын "Ақшатау" кафесі сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Былтырғы алты айы ішінде Ақтөбедегі "Ақшатау" кафесінде бес қылмыс тіркелді, оның ішінде бұзақылық, ұрлық және тонау бар.

Сонымен қатар, осы кезеңде полицияның 102 нөміріне 47 шақырту түскен. Қаланың ескі бөлігіндегі жеке үйлердің маңында орналасқан кафе айналасындағы тұрғындар үшін үлкен қолайсыздық тудырды.

"Таңнан бастап түн ортасына дейін жұмыс істейтін мекеменің маңында мас күйдегі адамдардың жиі жүруі, айналаны ластауы және тыныштықты бұзу полицияның күнделікті рейдтік және профилактикалық шараларының нысанына айналды. Былтыр учаскелік полиция инспекторлары "Ақшатау" кафесінің жанында қоғамдық тәртіпті бұзудың 45 дерегін анықтап, тиісті шаралар қабылдады", - делінген хабарламада.

Криминогендік ахуалды және халықпен өткізілген кездесулерде айтылған ұсыныстар мен шағымдарды ескере отырып, 2024 жылы полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен зерттеу жұмыстары нәтижесінде "Ақшатау" кафесінің құрылысында заңсыздықтар анықталған.

"Осының негізінде сот ғимаратты бұзу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта шілде айында жұмысын тоқтатқан мекеменің ғимаратын жою жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар үшін жүріп-тұруға қолайлы жағдайлар жасалып жатыр".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети