Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин карта көмегімен жолақыны төлеген адамға жеңілдік беру мақсатында банк өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".
Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин карта көмегімен жолақыны төлеген адамға жеңілдік беру мақсатында банк өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".
Бүгін қала әкімі Мавр Абдуллин өңір басшысы Оңдасын Оразалинге қоғамдық көліктегі жаңа төлем жүйесін таныстырды. Енді автобуста жолақыны төлеу үшін кез келген банк картасы жеткілікті.
"Қазір банк өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олар үш айға дейін банк картасымен төлем жасаған адамдарға 50 пайыздық жеңілдік беруге дайын. Яғни жолақы 80 теңге болса, соның 40 теңгесін жолаушыға қайтарып береді. Бұны үш айға емес, алты айға дейін созуға жұмыстар атқарып жатырмыз", - деді Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин.
Айта кетейік, қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесі 6 бағыттағы 53 автобусқа орнатылған. Қазір тағы 2 бағытта 13 автобуста жаңа жүйе іске қосылу үстінде. 25 қыркүйекке дейін қосымша 6 бағыттағы 25 автобусқа енгізіледі.