ПОДЕЛИТЬСЯ
04 маусым 2019 | 11:05
Ақтөбеде жолдарды сапасыз салған компаниялар сотқа тартылды
Ақтөбе қаласының Сәңкібай батыр даңғылындағы жолдар дұрыс жөнделмеген. Мердігер компания өз қаржысына қайта қалпына келтіреді, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе қаласының Сәңкібай батыр даңғылындағы жолдар дұрыс жөнделмеген. Мердігер компания өз қаржысына қайта қалпына келтіреді, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Атыраудың "Шам" ЖШС-і және "Еңбек-Ақтөбе" компаниялары жолды сапасыз салғаны үшін сотқа тартылды.
"Көктем кезінде қала ішіндегі суларды жинап, Сазды өзеніне құю жобасы аяқсыз қалды. Бәріне Атыраудың "Шам" ЖШС-і кінәлі. Сотқа берілді, "қара тізімге" ілінді. Жобаны аяқтау үшін қаржының бір бөлігі аударылды, ал құрылыс жұмысын жергілікті компания міндетіне алды", - деді қала әкімі Ілияс Испанов.
Сонымен қатар Сәңкібай батыр даңғылының Сәтпаев көшесі мен Әлия Молдағұлова даңғылына дейінгі аралығы қайта жөнделеді. "Еңбек-Ақтөбе" компаниясы шұңқырға айналған жолдарды өз қаржысына қалпына келтіріп жатыр. Мәншүк Мәметова, Некрасов, Тургенев көшелері мен 5 шағын аудандағы жолдар да жөнделеді.
Показать комментарии
Читайте также