Ақтөбеде жолға шығып кеткен баланы құтқаруға асыққан жүргізушілер видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Ақтөбеде кішкентай қыз жалғыз өзі көлік зулап жатқан жолға шығып кеткен. Жүргізушілер баланы соңғы сәтте құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде кішкентай қыз жалғыз өзі көлік зулап жатқан жолға шығып кеткен. Жүргізушілер баланы соңғы сәтте құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Некрасов көшесінде орнатылған бейнебақылау камерасынан алынған видео тарап жатыр. Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар мен жүргізушілер тосын жайттың куәсі болған.

Жүргізушілер көліктен дереу түсіп, балаға көмектесуге асыққан.

Бала зардап шеккен жоқ. Полиция баланың ата-анасын іздеп жатқанын хабарлады.

"Бұл дерек тіркелді, полицияның бақылауында. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, бірақ қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді. Дереу тоқтап, баланы қауіпсіз жерге шығарған, бей-жай қарамаған жүргізушілерге алғысымызды білдіреміз", - деді Ақтөбе облысының Полиция департаменті өкілі.

Баланың ата-анасы немесе қамқоршысы кім екені әзірге анықталған жоқ. Анықталғаннан кейін олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети