14 маусым 2022 | 07:28

Ақтөбеде қаңғыбас иттерді аулауға 41 миллион теңге бөлінді - әкім

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңдасын Оразалин. Фото: gov.kz Оңдасын Оразалин. Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қаңғыбас иттерге қатысты бірқатар оқиғаларға тоқталды. Аймақ басшысы жазатайым оқиғаларға өзін кінәлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қаңғыбас иттерге қатысты бірқатар оқиғаларға тоқталды. Аймақ басшысы жазатайым оқиғаларға өзін кінәлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім жануарларды қорғау туралы заң күшіне енгелі жұмыстың жаңа қағидаттарына бейімделіп үлгермегенін атап өтті.

"Бұл біздің кемшілігіміз. Өткен жылы 17,5 мың қаңғыбас иттерді жойып, бұл мәселені белгілі бір дәрежеде тұрақтандырған болатынбыз. Соңғы қабылданған Заңға байланысты (жануарларды қорғау туралы заңның) бұл жұмыс тоқтатылды.

Бұл мәселеде өз кінәмді жоққа шығармаймын. Біз осы заң бойынша жұмыстың жаңа қағидаттарына - аулау, зарарсыздандыру және чиптеуге көшкен жоқпыз", - деді әкім.

Сондай-ақ, аймақ басшысы құтырған иттерді ұстауға 41 миллион теңге бөлінгенін, қажет болған жағдайда қосымша қаржылық инвестицияны қарастыратын айтты.

"Қаңғыбас иттерді аулауға 41 миллион теңге бөлінді. Қажет болған жағдайда қосымша қаржы қарастыруға дайынбыз. Қаңғыбас иттерді бағу, емдеу мәселесі тағы бар. Оған да тиісті қаражат бөлу керек. Иттерді күтетін 2 орын бар. Олар "Ника" және ветеринариялық станция маңында орналасқан орындар. Осындай жерлердің санын арттыру көзделіп отыр", - деді олыс әкімі.

Оңдасын Оразалинның мәліметінше, келесі жылдан бастап иттерге чип тағылып, есепке алынады. Былтыр Ақтөбеде тиісті орган 17 500-ден астам иттің көзін жойған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети