Ақтөбеде "Студент" атты жедел алдын-алу шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24". Шараның мақсаты - жастар арасында заңсыздықтың алдын алу.
Ақтөбеде "Студент" атты жедел алдын-алу шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24". Шараның мақсаты - жастар арасында заңсыздықтың алдын алу.
Шара аясында полиция қызметкерлері қалада орналасқан оқу орындарының 14 жатақханасы мен 1700-ден астам студент тұрып жатқан жалдамалы пәтерде болды.
Тексеру барысында колледж оқушысынан пневматикалық тапанша табылған. Енді оның ісі қала әкімі жанындағы арнайы комиссияда қаралады. Оған студенттің ата-анасы да қатысады. Бүгінде өңірдегі оқу орындарында 20 мыңнан астам жас білім алып жатыр.
"Көп жағдайда кәмелетке толмағандар заңды өкілетсіз тұрғандықтан, аудандардан келген кезде мекенжай анықтамасы болмай қалады. Мекенжайы тіркелмей қалады. Сондай кемшіліктер болды. Бірақ заңды өкілдерін шақыртып, 17 студентті тіркеуге алдық", - дейді №3 қалалық полиция бөлімінің кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы Ботакөз Жалекешова.