Ақтөбеде лаңкестердің көзін жойған офицер: Маған оқ атылғанда ата-анамды еске алдым

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде лаңкестердің көзін жойған офицер: Маған оқ атылғанда ата-анамды еске алдым Бахтияр Қайырбеков

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде лаңкестердің көзін жойған офицерге "Айбын" орденін табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде лаңкестердің көзін жойған офицерге "Айбын" орденін табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еліміз үшін әскери еңбек маңызды, қазіргі бейбіт заманның өзінде ерлікпен пара-пар. Үшінші дәрежелі "Айбын" орденімен Бахтияр Қайратұлы Қайырбеков марапатталады. Ол өз өмірін қатерге тіге отырып, лаңкестердің әскери қоймаға жасаған шабуылына тойтарыс беріп, шабуылдағандардың көзін жойды", - деді Қазақстан Президенті Ақордада наградаларды табыс ету кезінде.

Әскери қызметкер Бахтияр Қайырбеков Мемлекет басшысына алғыс айтып, өзін қаһарман санамайтынын айтты.

"Өзімді қаһарман санамаймын, мен тек міндетімді атқардым. (...) Жоғарғы қолбасшының қолынан награда алу, әрине, қобалжу сезімін оятады. Уайым болды, бірақ мұны жасыруға тырыстым. Бұл мен үшін ерекше награда. Ендігіде офицерлік әскери істі жалғастырғым келеді", - деді марапатталған сарбаз.

"Бұл оқиға 5 маусымда болды, сол кезде мен Ақтөбедегі әскери қалашықтың күзеті бойынша ішкі қарауылдыққа шықтым, автопарктегі үшінші бекетте тұрдым. Ауысым 20 минуттан кейін еді, келесі ауысым жайлы ойлай бастадым, сол мезетте атысты естідім. Бастапқыда оқу-жаттығулар шығар деп, назар аудармадым. Екі минуттан кейін автоматтан оқ атылғанын ұқтым, сөйтіп, екінші бөлімге хабарласып, шабуыл жайлы білдім. Соңына дейін оқу-жаттығу дабылы шығар деп ойладым, - деп еске алады Қайырбеков, - Жалпы 16 лаңкес баса-көктеп кірді. Мен отырған автопаркке алты адам кіріп келді. Маған оқ атылды, жарғы бойынша әрекет еттім, адамдарға оқ аттым. Бір лаңкестің көзін жойдым. Әрине, қорқыныш болды, өмірден естеліктер көз алдыма келе бастады, ата-анам есіме түсіп, "не мен тірі қаламын, не ол тірі қалады" деп ойладым".

Бахтияр Қайырбеков отан үшін еңбек етуге, жақсы офицер болып, жас сарбаздарға үлгі болуға уәде берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети