15 маусым 2016 17:16

Ақтөбеде лаңкестерге пәтерін жалға берген тұрғын сұхбат берді: Жігіт қызымен тұрамын деген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аktobenews.kz © Аktobenews.kz

Ақтөбеде лаңкестерге пәтерін жалға берген тұрғын оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Аktobenews басылымы.


Ақтөбеде лаңкестерге пәтерін жалға берген тұрғын оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Аktobenews басылымы.

Үй иесінің айтуынша, пәтерді жалға алушы жігіт онда қызымен бірге болатынын жеткізген. "Кешкілік сағат 23.00-ден кете екі бала келіп пәтер сұрады. Сөйлеген сөздері тым жақсы, таза киінген балалар. Келді де "Апа, бізге бір бөлмелі пәтер де жарайды. Ішінде су бар ма? Жуынайық деп едік" деді. "Иә, бар" дедім де, ақшаларын алып, қолдарына кілтті ұстаттым", - дейді үй иесі.

Ол лаңкестерге кезіккеніне әлі күнге дейін сене алмай отыр. "Алғашында пәтерді бір күнге алды. Екінші күні тағы бір тәулікке қалатындарын айтты. "Онда ақшаларыңды төлей қойыңдар" деп үйге бардым. Ол төменге түсіп, үш мың теңгесін әкеп берді. Мен үйді бір қарап шыққым келген. Ол бала "Апа, үйде қызым бар, ол ұялады, кірмей-ақ қойыңызшы" деп қиылған соң, "жарайды" деп кетіп қалғанмын. Жап-жас, әдемі бала, сақал да жоқ. Сақалы барларға жоламаймыз, оларды пәтерге алмаймыз да. Пәтер жалдауға қаншама адам келіп жатады. Кейде тек қыз бен жігіт келіп пәтер жалдайды. Таңертең барсаң, ішінен 15 адам шығып тұрады. Алдап отырыс жасайтындар болады. Сондықтан оларды да қарап кеткім келген. Ол бала жалынып тұрған соң тек "Шуламаңдар, үйді шашпаңдар, отырыс жасамаңдар" дедім. Ол бала "апа, қайдағы отырыс" деп қалған. Мен бұлай боларын қайдан білейін", - дейді лаңкестерге пәтерін жалға берген тұрғын.


© aktobenews.kz

"Жалға берген пәтерімнің ішін оқиға болғаннан бері көрген жоқпын. Қазір сыртының өзі адам шошырлық болып тұр. Оларды ұстайтын кезде үйге екі шағын жарылғыш зат тастаған. Ол жақтың астан-кестеңі шығып жатыр. Тым жақсы, жаман ойлауға көзің қимайтын балалар. Енді қазір олар өлді деп жатыр. Маған кімнің келгенін де білмеймін", - дейді пәтерді жалға беруші әйел.

Сол үйдің тұрғындары болса оқиға болғанға дейін лаңкестердің бірі осы жерден пәтер жалдап тұрғанын айтып отыр. "Осыған дейін Әлібек деген бала отбасымен пәтер жалдап тұрды. Әйелі орамал тағып, киініп жүреді. Бірақ оқиға болған күні олар көрінбей кетті", - дейді сол маңдағы шағын дүкеннің сатушысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети