Ақтөбеде Lexus жүргізушісі жолда өзіне ескерту жасаған жаяу жүргіншіні ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде Lexus жүргізушісі жолда өзіне ескерту жасаған жаяу жүргіншіні ұрлап кеткен Бейне кадры

Ақтөбеде жаяу жүргінші мен жүргізуші арасындағы жол үстіндегі жанжал адам ұрлығымен аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Жаяу жүргінші жолдан арнайы жолақ арқылы өтіп бара жатып, жүргізушіге ескерту жасаған. Соңғысы бұған өшігіп, әлгі адамның қайда тұратынын анықтап, достарымен бірге оның үйіне келген. Ер адам шаруаларымен үйінен шығып, таксиге отырған сәтте жүргізуші серіктерімен бірге таксидің жолын бөгеп, жолаушыны салоннан сүйреп шығарып, Lexus автокөлігінің жүк салғышына салып әкеткен.

Бұл өрескел қылмыстың алдын алуға куәгер көмектесті. Ол "102" арнасына қоңырау шалып, бірнеше ер адамның бір адамды күштеп көліктің жүк салғышына салып, белгісіз бағытқа кетіп қалғанын хабарлаған. Адам ұрлау сәті куәгердің бейнетіркегішіне жазылып қалған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының қолдауымен күдіктілер отырған Lexus автокөлігін құрықтады.

Адам ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +25
Ақтау +36
Ақтөбе +32
Атырау +36
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +27
П
Павлодар +27
Петропавл +26
С
Семей +30
Т
Талдықорған +29
Тараз +34
Түркістан +32
О
Орал +27
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер