Ақтөбеде мемлекеттік мекеме қызметкерлері туды неге өртегендерін түсіндірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде мемлекеттік мекеме қызметкерлері туды неге өртегендерін түсіндірді

Ақтөбе облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті аула ішінде туды өртеген. Қызметкерлер әлеуметтік желіге тарап кеткен бейнематериалға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері аула ішінде ту өртеген видео тарады. Бұл видео көпшіліктің ашуын туғызды.

"Ақтөбе Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 12 қыркүйекте арнайы комиссия есептен шығарған туды жақты. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларының 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес ұзақ уақыт пайдалану салдарынан жарамсыз болған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туларын және оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртелді", - деп хабарлады мемлекеттік мекеме басшысы Қаблан Қамбарбеков.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Медиа сообщество Актобе (@aktobe__online)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети