ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2022 | 18:03
Ақтөбеде оқушыларға басқа вакцина салынған: министрлік тексеруді бастады
Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларын БЦЖ вакцинасымен қайта вакциналау дерегі бойынша қызметтік тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта бұл инцидент бойынша құрамында Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің басшылары, бейінді мамандары бар комиссия құрылды, олар эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, сараптамалық қорытындының негізінде болған инцидентке баға береді", - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп жатқаны айтылды.
Еске салайық, 13 қыркүйекте Ақтөбеде бірінші сыныпқа баратын 42 оқушыға мантудың орнына шатасып туберкулезге қарсы тірі вакцина салынғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также