Ақтөбеде 1-сынып оқушыларына мантудың орнына басқа екпе салып жіберген

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ақтөбеде бірінші сыныпқа баратын 42 оқушыға мантудың орнына шатасып туберкулезге қарсы тірі вакцинаны салып жіберген. Бұл қателікті ата-аналар екі апта өткен соң бір-ақ білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде бірінші сыныпқа баратын 42 оқушыға мантудың орнына шатасып туберкулезге қарсы тірі вакцинаны салып жіберген. Бұл қателікті ата-аналар екі апта өткен соң бір-ақ білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, №74 орта мектептің 42 оқушысының жақындары жауапсыз медицина қызметкерлеріне шара қолдануды талап етіп отыр. Ата-аналардың айтуынша, балалардың көпшілігі өздерін жайсыз сезінеді. Екпе салған жер қатты ісіп, іріңдеген. Тіпті қолдарын көтере алмай қалғандары да болыпты. Анықтай келе, балаларға мантудың орнына иыққа салатын тірі вакцина егілгені анықталған.

""Живая" вакцина енгізіліп кеткен. Ол ағзадағы барлық жасушаны оятады дейді. Енді басталып жатыр. Процесс жүріп жатыр. Міне, екі жетіден асып кетті. Бала қолын көтере алмайды. Бездері шошынған. Өзімен өзі жата береді. Әлсіздік пайда болды", - дейді ата-ана Раушан Исаева.

Ал медицина қызметкерлері ата-аналардан алты айды күтуді сұраған. Сол кезде вакцина күші жойылатын көрінеді.

"Құтының сыртында жазылып тұрады екен бәрі. Түсі де басқа болады. Сонда қалай шатастырған? Түк түсініксіз. Білек терісі өте жұқа. Ағзаға вакцина түсіп үлгерді.  Олар бізге 6 ай күтуді сұрайды. Күтіп отыратын болсаң, ешкім кепілдік бермейді. Мүгедектікке алып келуі мүмкін", - дейді тағы бір ата-ана Шынар Бекболатқызы.

Бұл вакцинаны салған медицина қызметкерлері жеке клиниканың мамандары көрінеді. Олар мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсеткен. Осындай жағдайдан кейін дәрігер де, медбике де жұмыстан босатылған. Прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр.

"Қателікті жіберген - медицина қызметкерлері. Олар өз қателіктерін мойындап отыр. Енді 42 бала осындай жағдай болған соң, не болатынын ешкім айта алмайды. Тек қана біздің өзіміз айтатынымыз, басқа жерге салынып, техникалық ақау кеткені рас", - Ақтөбе облыстық ДСБ басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer