Ақтөбеде сержант басынан орындықпен ұрған сарбаздың жағдайы ауыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ақтөбе қаласында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз үш айдың ішінде адам танымастай өзгеріп, аяқасты талмасы ұстап, денесі құрысып қала беретін болған. Сарбаздың туыстарының айтуынша, Алдияр Кеңесбек ант қабылдаудан бұрын таяқ жеп үлгерген. Оқиға Ақтөбе әскери бөлімінде тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе қаласында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз үш айдың ішінде адам танымастай өзгеріп, аяқасты талмасы ұстап, денесі құрысып қала беретін болған. Сарбаздың туыстарының айтуынша, Алдияр Кеңесбек ант қабылдаудан бұрын таяқ жеп үлгерген. Оқиға Ақтөбе әскери бөлімінде тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алдияр Кеңесбекті 7-маусымда оқып жүрген жерінен ешкімге ескертпестен әскерге алып кеткен. Таңертең Тараздағы колледжге емтиханға кеткен бала кешке тобымен әскерге аттаныпты. Ол Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданынан Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөліміне түскен.

Алдияр Кеңесбек жел шығарып қойғаны үшін соққыға жығылғанын айтады.

"Байқамай жел шығарып қойдым. Айналамдағылардың бәрі "фуй" деп кетті. Басқа жаққа барып тұрғанмын. "Кім осырды" деп сұрады? "Мен" - дедім. Сержант басымнан орындықпен ұрды. Ары қарай есімді білмеймін, талып қалдым. Санитарлық бөлімге апарды, сол жерден есімді жидым", - дейді Алдияр Кеңесбек.

Жас жауынгер аяғынан тұра алмайтын хәлге жеткен. Бірақ осы қиын жағдайымен ол екі ай сүйретіліп, ақыры ауруханаға жатқызылыпты. Сол жерден белгісіз біреу науқастың туыстарына хабар берген. Ақтөбеге шұғыл жеткен әкесі ұлын Таразға алып қайтады. 7-қазанда емдеуге берілген демалыс мерзімі аяқталып, Алдияр қайта оралуға тиіс. Бірақ әкесі ұлын жібергісі жоқ. 

"Қайтіп жіберемін? Өткенде мен бармағанда баланың өлігін әкеледі екенмін, шынын айтқанда!" - дейді әке Кеңесбек Әбдіраимов.

Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімі жағдайға қатысты ресми түсініктеме бермеді. Есесіне, әскери прокуратура "қызмет бабын асыра пайдалану" бабы бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді.  

"2022 жылдың 20 қыркүйегінде Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дерегі бойынша Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі 451-баптың 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - деді әскери прокурор Жандарбек Спан.

18 жастағы әскерге шақырылған жігіттің туыстары ұлы мүгедек болып қала ма деп қорқады. Олар әскери қызметкерді жұмыстан шығаруды ғана емес, сот алдында жауап беруін талап етпекші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro