Ақтөбеде соңғы лаңкес ұсталды

12 Маусым 2016, 11:40
3
Ақтөбеде соңғы лаңкес ұсталды -

Ақтөбеде соңғы лаңкес Арсен Таңатаров ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Ақтөбе облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы жүргізіп жатқан шаралардың барысында қалған қылмыскерлердің Жаманқұлов - Пушкин көшелерінің қиылысында екендігі жайлы мәлімет келіп түсті. Тексеріс барысында бұл мәлімет расталды. Шаралар жүргізіліп, Б.Қуанышбаев, А.Таңатаров және А.Ақпанбетов ұсталды. Ақпанбетов қашуға әрекеттенген кезінде аяғына оқ тиді. №15 тұрғын үйді тексеріс барысында лаңкестерден 5 маусымда "Паллада" қару-жарақ дүкенінен тоналған 2 дана қару табылды", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері.

Осыған дейін Қазақстан Республикасының антитеррор орталығы терроризммен күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық жедел штабтың іздеуде жүрген лаңкестер Б.Қуанышбаевты және А.Ақпанбетовты ұстағанын хабарлаған болатын. Куәгерлердің айтуынша, арнайы операция "Москва" ауданында өткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай