26 маусым 2017 | 09:41

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендер қалай өмір сүріп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© diapazon.kz © diapazon.kz

Осыдан екі ай бұрын Ақтөбеде су тасқыны болып, жүздеген отбасы баспанасыз қалған болатын. "Диапазон" басылымы төтенше жағдайдан зардап шеккендердің жағдайы жайлы және қандай мәселелердің әлі күнге дейін шешілмей жатқанын біліп қайтты.


Иконка комментария блок соц сети

Осыдан екі ай бұрын Ақтөбеде су тасқыны болып, жүздеген отбасы баспанасыз қалған болатын. "Диапазон" басылымы төтенше жағдайдан зардап шеккендердің жағдайы жайлы және қандай мәселелердің әлі күнге дейін шешілмей жатқанын біліп қайтты.

Журналистер Махамбет ауылында видеорепортаж дайындады. Басылымның мәліметінше, Ақтөбе шетінде қираған үйлер сол қалпында тұр, ештеңе өзгермеген.

Жергілікті тұрғындар Дана Темірбаева мен Валентина Аталиева қазіргі уақытта туыстары мен көршілерінің үйінде тұрып жатыр екен. Олар өз беттерінше 25 мың теңге зейнетақыға үй салуға мүмкіндіктері жоқ екенін айтып, шағымданып отыр. Ал әкімдік бөлген миллион теңге құрылыс материалдарына да жетпейді.

Биіліктегілердің айтуынша, олар зардап шеккендерге көмектесуге дайын, бірақ барлығына емес. 22 маусымдағы жағдай бойынша, жиналған ақшадан 97 миллион 500 мың теңге қалған.

Еске сала кетейік, биыл сәуір айында Ақтөбеде су тасқыны болып, жүздеген адам эвакуацияланып, баспанасыз қалған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети