Ақтөбеде сыйақы төленбегені үшін 37 жүргізуші жұмысқа шықпай қалды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде сыйақы төленбегені үшін 37 жүргізуші жұмысқа шықпай қалды КТК арнасының видеосынан

Ақтөбеде автопарк жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты, себебі оларға сыйақы төленбеген. 14 желтоқсанда сұранысқа ие бағыттарда автобустар жүрген жоқ. Нәтижесінде, қала тұрғындары таңертең жұмысқа кешігіп келді, ал балалар оқу орындарына жете алмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл мәселе 13 желтоқсанда, жүргізушілерге жалақы түскен кезде басталған. Сыйақы есептелмеген, ал жүргізушілер бұған наразылық ретінде жұмыс істеуден бас тартқан. Нәтижесінде, кешке аялдамаларда халық автобус күтіп тұрып қалған. 37 жүргізуші жұмысқа шықпаған. 14 желтоқсанда таңертең жүргізушілердің бір бөлігі жұмысын қайта бастады. Бірақ 17 адам наразалық көрсетуін жалғастыра берген.

Автопарк қызметкерлерінің айтуынша, жүргізушілер заң бұзу деректеріне байланысты сыйақы ала алмаған. Бұл төлемді терминал арқылы қабылдаудан бас тартудан басталады. Жүргізушілер әлі күнге дейін ақшаны қолма-қол төлеуді  қайтаруды талап етеді. Кейбіреулер валидаторды әдейі өшіріп қояды. Әсіресе, жүргізушілер жетіспеуіне қарамастан, басшылық қазір жұмыстан шығарғысы келіп отыр.

"Ақтөбеде және жалпы елде автобус жүргізушілері тапшы. Олармен жұмыс істеуге мәжбүрміз, өйткені жүргізуші жетіспейді. Бірақ бұл бірінші рет болып тұрмағасын, келісімшартты бұзамыз", - деді "Автопарк" ЖШС ресми өкілі Руслан Жылқаманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети