Фото: aktobenews.kz сайтынан
Биыл Ақтөбе қаласының әкімдігі мешіт салу үшін төрт жер телімін бөлген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Биыл Ақтөбе қаласының әкімдігі мешіт салу үшін төрт жер телімін бөлген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Бүгін жоспардағы төрт мешіттің бірінің іргетасы құйылды. "Ақжар-2" ауылында салынып жатқан мың адамдық мешіттің алғашқы құрылысына облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан қатысты. Жаңа құлшылық орнының құрылысын жеке кәсіпкер Айбек Төлебаев пен жергілікті жамағат жүргізеді.
Соңғы жартыжылдықта облыста екі мешіт пайдалануға берілген. Олар Темір ауданының Кеңқияқ ауылы мен Мәртөк ауданында тұрғызылған.
Қазіргі таңда облыс бойынша 67 мешіт пен 104 діни қызметкер бар.