21 шілде 2017 | 17:48

Ақтөбеде телемұнарадан секіріп кеткен ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде телемұнарадан секіріп кеткен ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің редакция сауалхатына берген жауабында айтылады. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде телемұнарадан секіріп кеткен ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің редакция сауалхатына берген жауабында айтылады. 

"Владимир Шустер мен Асель Дүйсенбаеваның суицид жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қылмыстық құқықбұзушылық құрамының жоқтығына байланысты өндіріспен тоқтатылды. Жүргізілген зерттеуден бұл адамдардың суицид жасауына өзгелердің қатысы жоқ екені анықталды. Бұл тұлғалар өмірімен қош айтысар алдында кәмелетке толмаған баласына қатысты міндеттерін жүйелі түрде орындамағаны үшін негізді түрде жауапкершілікке тартылған", - делінген полицияның жауабында.

Қайтыс болған ер адамның артында жеті жасар баласы, ал келіншектің үш жасар баласы қалды. Ақтөбе қалалық білім бөлімінің өкілі Ақырыс Шагирова Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында екі баланы да асырап алу процесі аяқталған.

"Кристина Шустерді әкесінің туған әпкесі асырап алды. Асырап алуға одан басқа ешкім ниет білдірмеді. Әпкесі Кристинаны алып кетті, олар қазір Ақтөбеле тұрып жатыр. Оның екі баласы бар, олар бала кезінен араласып тұрған, Кристина жаңа отбасына енуінде кедергілерге тап болған жоқ. Кристина осы қаладағы мектепте оқитын болады. Кристинаны туған әпкесі асырауына қарамастап, қамқоршылық органы бұл отбасыны бақылауда ұстайды. Біз оның тұрып жатқан жеріне бардық. Барғанымызда олар циркке баруға жиналып жатты, қыз өте бақытты болды", - деді Ақырыс Шагирова. 

Оның айтуынша, қаза тапқан келіншектің үш жасар баласын әжесі асырап алыпты. 

"Сөйтсек, Асель сол кезеңде осы отбасымен бірге тұрыпты (Владимир Шустермен - Авт.), баласы ата-анасының қолында болған. Әжесі мен атасы оны тіркеп алды. Бала туғалы бері әжесі мен атасының қолында тәрбиеленген, бүгінде олар ресми түрде асырап алды", - деді маман.

Еске салайық, оқиға 15 мамырда болған. Ерлі зайыпты телемұнараға шығып, секіріп кеткен. Олар оқиға орнында қаза тапты. Кейін ерлі-зайыптыға қатысты жантүршігерлік деректер анықталды. Өз кезегінде Ақтөбенің білім басқармасындағылар әкесі мен өгей шешесі телемұнарадан секіріп кетіп, қаза тапқан жеті жасар Кристина Шустер жайлы айтып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети