Талғарда Ақтөбеде лаңкестермен болған атыста қаза тапқан 6655 әскери бөлімінің офицері Даниэль Майлыбаевты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Офицерді жерлеуге Алматы облысының әкімі, облыстық мәслихаттың өкілдері, "Нұр Отан" партиясының мүшелері мен әскерилер келді.
Талғарда Ақтөбеде лаңкестермен болған атыста қаза тапқан 6655 әскери бөлімінің офицері Даниэль Майлыбаевты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Офицерді жерлеуге Алматы облысының әкімі, облыстық мәслихаттың өкілдері, "Нұр Отан" партиясының мүшелері мен әскерилер келді.
Талғар аудандық "Нұр Отан" партиясы бөлімшесі төрағасының орынбасары Мейрамгүл Ермағанбетованың айтуынша, жерлеу рәсімін өткізуді жергілікті билік өкілдері өз мойнына алды. "Қаза тапқан офицердің отбасына облыстық бюджеттен 5 миллион теңге көлемінде материалдық көмек пен күзде Талғардан пәтер алып беруге уәде берді. Осы уақыт бойы отбасы туыстарының үйінде тұрған екен. Қаза болған офицердің артынан төрт баласы мен әйелі қалды. Ең кенжесі - 8 айлық. Үлкен қызы 13-те", - деді ол.
Қаза тапқан офицердің анасы Гүлстан Алланбергенованың айтуынша, ол органдарда 20 жылға жуық қызмет еткен. ҚР ҰҚК Әскери институтының түлегі. Сонымен қатар, Астанада жұмыс істеп, Петропавлда сабақ берген. Ақтөбеде ол соңғы екі жылдан бері жұмыс істеді. Жақында оны Алматыға ауыстыру керек болатын.
"Одан сұрайтынмын, балам қашан қайтасың? Ол болса, кішкене қалды, маусымның басында мені ауыстырады, бұйрыққа қол қойылды деп айтатын. Былтыр олар отбасымен бірге сонда тұрды. Бірақ әйелі науқастанып, Талғарға қайтып келу керек болған еді. Күйеуім болған оқиғаны телефонмен естіп, айғайлай бастады: "Бұл оңбағандар дін деген атауды жамылып, осындай істерге барады. Маған былай деді: "Сабыр ет. Даниэль қайтыс болды". Мен басында түсінбедім, сосын айғайлай бастадым: "Бұл қалай? Көптен бері күткен ұлымды енді көрмеймін бе?", - деді ол.
Қаза тапқан офицердің артында әскерде қызмет етіп жүрген інісі Саян қалды. Майлыбаевтың әкесі сүңгуір қайықта қызмет еткен, сосын студенттерді әскери сауаттылыққа үйретті. Ал анасы - дәрігер-педиатр. Нағашы атасы - Ұлы Отан соғысының ардагері.
© Tengrinews.kz
Бұған дейін Ақтөбеде лаңкестердің шабуылынан кейін 20-дан аса қылмыстық іс қозғалғаны туралы айтылған болатын. Айта кетейік, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.