Ақтөбеде “Цифрлы Таза Қазақстан“ форумы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде “Цифрлы Таза Қазақстан“ форумы өтті Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Ақтөбе әкімдігі ұйымдастырған шарада цифрлық шешімдер мен "ақылды қоқыс жәшігі" таныстырылды. Форумның мақсаты - экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру, қоғамда тазалықты сақтауға бағытталған жауапкершілікті дамыту, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бағдарламасын насихаттау.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Ақтөбе әкімдігі ұйымдастырған шарада цифрлық шешімдер мен "ақылды қоқыс жәшігі" таныстырылды. Форумның мақсаты - экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру, қоғамда тазалықты сақтауға бағытталған жауапкершілікті дамыту, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бағдарламасын насихаттау.

Әкімдік мәліметінше, форум ерекшелігі – форумды өткізу барысында және ұйымдастыру жұмыстарында қағаз және қағаздан жасалған бұйымдар қолданылмады. Тек электронды жабдықтар қолданылды.

Шараға 800 – ге жуық адам қатысты.

Форум экологиялық бастамалар мен технологиялық шешімдерді көпшілікке таныстыруға, қоғам мен тұрмыста орын алып жүрген "қоқыс шашуға" себепкер болатын қателіктерді көрсетуге, қалдық материалдарды қайта пайдалану арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұтыну мәдениетін өзгерту, және табиғатқа қамқорлық танытуға маңызды үлес қосты.

"Ақылды қоқыс жәшігі" - қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған заманауи жоба. Бұл құрылғы - қалдықтарды автоматты түрде анықтап, сұрыптауға мүмкіндік береді. Жоба - жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясына үлес қосады", - деп атап өтті Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, "Автоматтандыру және басқару" бөлімінің меңгерушісі Дархан Шаңбаев.

"Экологияны цифрландыру - қоршаған ортаны тиімді қорғаудың заманауи тәсілі. Сандық технологияларарқылы қалдықтарды бақылау, табиғи ресурстарды басқару жеңілдейді. "Aqtobe Hub" осы бағытта бірнешеэкожобаларды жүзеге асырып, қоғамды экологиялық бастамаларға жұмылдыруда. Цифрлық шешімдерхалықтың экологиялық сауаттылығын арттырып, дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Болашақтаэкология мен технологияны ұштастыра отырып, таза әрі жасыл Ақтөбені қалыптастыру - бастымақсатымыз", - деп форум спикерлерінің бірі, Aqtobe Hub менеджері Елнұр Жалғасов өз пікірімен бөлісті.

Форумның өтуі қоғамда қоршаған ортаны қорғауға деген ортақ жауапкершілік сезімін күшейтіп, жастардыелдің экологиялық мәселелеріне белсенді араласуға жігерлендіреді, дейді әкімдік өкілдері.

Tengrinews
Ақтөбе әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети