17 қазан 2018 | 09:50

Ақтөбеде туберкулездің ашық түрімен ауырған бала мектепке барып жүрген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © sevastopol.su Иллюстрация. © sevastopol.su

Ақтөбеде туберкулездің ашық түрімен ауырған бала мектепке барып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде туберкулездің ашық түрімен ауырған бала мектепке барып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі №10 орта мектеп оқушысының туберкулездің ашық түрімен ауырғаны анықталды. Төртінші сыныптың оқушысы қазіргі таңда оқшауланып, ем алып жатыр. Мектепте 3 қазаннан бастап карантин жарияланды, 1-11 сынып оқушылары шұғыл түрде анализ тапсырып, манту сынамасы балалардың 25 пайызына салынды.

"27 қыркүйекте бала өзін нашар сезінгенін айтқан. Ата-анасын шақырттық, олар баланы үйіне алып кетті. 28 қыркүйекте 4-сынып оқушысы ауруханаға жатқызылды. 3 қазанда диагнозы туралы хабарлама келді: "туберкулез". Мектепте дезинфекция шарасы жасалды. Қазір 1-сынып оқушыларынан бастап барлығына манту сынамасы салынып жатыр, ата-аналардың рұқсаты бар. Ата-анасынан бұл ауру анықталмады, отбасы жақсы тұрады, бұл оқиға олар үшін күтпеген жағдай болды", - деді мектеп директорының орынбасары Гүлайым Иманова.

Айта кетейік, эпидемиологиялық зерттеу барысында баланың жазғы демалыста Атырау облысы Құлсары қаласында болғаны анықталды. Ақтөбе облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның мәліметінше, қоғамдық денсаулық сақтаудың өңірлік департаментіне эпидемияға қарсы шара жүргізу туралы хат жолданған.

"5 қазанда №10 орта мектеп оқушысынан туберкулез табылғаны туралы шұғыл хабарлама жетті. Мектепте жедел эпидемияға қарсы шаралар қолға алынды және эпидемиологиялық зерттеу жүргізілді. Оқу орнындағы санитарлық-гигиеналық жағдай қанағаттанарлық, нысан сумен жабдықтаудың, канализация мен жылудың орталық жүйесіне қосылған. Мектепте соңғы дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді", - деді Нұрсұлу Беркімбаева.

Баламен байланысқа түскен адамдардың барлығы дәрігерлік тексеруден өтіп жатыр.

Департамент басшысының айтуынша, профилактикалық шаралардың нәтижесінде ауру-сырқау көрсеткішінің төмендегені анықталған. 9 айдың қорытындысы бойынша, ауру-сырқау 11,2 пайызға төмендеген, оның ішінде балалар арасында 28,7 пайызға азайған. Дегенмен, шаралардың жүргізіліп жатқанына қарамастан ауруға шалдығу деректері әлі де бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети