Ақтөбеде сот Тұңғыш Президент саябағында болған атышулы жол апатына қатысты сот үкімін шығарды. Жол-көлік оқиғасынан Сюзанна Гамидова қаза болған еді. Сот алдына Жұбанов атындағы университеттің 19 жастағы студенті Сезім Самұрат келді. Жүргізуші қыз екі жыл және алты айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Диапазон".

Сот үкімінің шығуына жарты сағат қалғанда сотталушы зардап шеккен тараптан тағы да кешірім сұрады. "Бүгін менің тағдырым шешіледі... Сюзанна Гамидованың отбасынан кешірім сұрадым. Олар мені кешірді. Мені бас бостандығымнан айырмауларыңызды сұраймын", - деді студент қыз сот залында.
Еске салайық, биыл 7 шілдеде сағат 21:10-да Ақтөбенің 19 жастағы жүргізуші Әбілқайыр хан көшесімен Газиза Жұбанова көшесіне қарай беттеп келе жатып, тротуарға шығып кетеді. Тротуарда 19 жастағы жігіт пен қызды қағып кеткен болатын.. Қыз бала оқиға орнында көз жұмады. Ал жігітті көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізеді, жол апатына кінәлі жүргізуші қыз да ауруханаға жеткізілген болатын.
Айта кетейік, Сюзанна Гамидова 19 жасқа толуына екі айға қалғанда қаза болды. Ол №14 мектепті бітіріп, Алматыға оқуға түсіп, әпкесінің үйінде тұрып жатқан еді. Кейінірек Ақтөбеге қонаққа келіп, жол апатына түседі.