Ақтөбеде үлескерлер алданып, 2,5 миллиард теңгеден айырылып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде үлескерлер алданып, 2,5 миллиард теңгеден айырылып қалған Фото:depositphotos.com

Ақтөбеде үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 279-бабы 1-бөлігі ("Алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу") бойынша соталды терге-тексеру аяқталды.

"Атап айтқанда, 2019-2023 жылдар аралығында Safina тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және "Алтын Орда" аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 миллиард теңге қаражатын иемденген.

Биыл 25 сәуірде Ақтөбе прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети