24 шілде 2016 09:36

Ақтөбеде іздеуде болған лаңкестерді жасырған тұрғын қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбе қаласының № 2 соты Ақтөбеде маусым айында болған теракт күндері іздеуде жүрген үш лаңкесті жасырған 22 жастағы жергілікті тұрғын Мирлан Ердауовты қамауға алуға шешім шығарды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

5 маусымда аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін Дмитрий Таңатаров, Арман Айтуған және Нұрлан Сейілов Ақтөбеде жасырынған. 

Олар құқық қорғау органдарының қолына түскісі келмей, танысы Ердауовқа барып, пана тауып беруін сұраған. Өз кезегінде Ердауов қылмыстық жауапкершілікті біле отырып, таныстарының теракт жасағанын біле отырып, 7 маусымда оларға баспана жалдап берген. Таңатаров, Айтуған және Сейілов 8 маусымға дейін жасырынып жатқан, ал 8 маусымда кетіп қалған. 

Қылмысты жасырды деп күдікке ілінген Ердауов Қылмыстық кодекске сәйкес ірі көлемде айыппұл салынады немесе алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сот Ердауовты қамауға алу туралы шешім шығарды. Күдікті 20 қыркүйекке дейін қамауда болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети