Ақтөбедегі адамдарды кепілге алу оқиғасы: жаңа мәлімет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі адамдарды кепілге алу оқиғасы: жаңа мәлімет Фото ©️ Tengrinews.kz

Ақтөбе облысында 40 жастағы әйел ауруханадан шығарды. Ол анасы және өгей әкесімен бірге өз үйінде кепілге алынып, жарақат алған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 40 жастағы әйел ауруханадан шығарды. Ол анасы және өгей әкесімен бірге өз үйінде кепілге алынып, жарақат алған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салсақ, 14 қаңтарға қараған түні әйел қарт ата-анасымен бірге өз үйінде кепілге алынған болатын. Бүгінгі күнге дейін ол арнайы операцияның қалай аяқталғанын білмеген. Оны ауруханадан туыстары алып кетті, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

"Науқас жалпы жағдайының және денсаулық көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты ұсыныспен үйіне шығарылды. Одан әрі бақылау тіркелген жеріндегі емханада жүргізіледі", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, Ақтөбеде 13 қаңтарда кешкі сағат 20.00-де 102 пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды.

Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр. Кейінірек екі жәбірленуші қайтыс болғаны, бір адам жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети