Ақтөбедегі әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың анасы видеоүндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың анасы видеоүндеу жасады ©️ instagram/aqtobe_sergek

Актөбедегі әскери бөлімдердің бірінде постта қайтыс болған сарбаздың анасы оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауды сұрады. Ирина Боровецтің видеоүндеуі aqtobe_sergek парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актөбедегі әскери бөлімдердің бірінде постта қайтыс болған сарбаздың анасы оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауды сұрады. Ирина Боровецтің видеоүндеуі aqtobe_sergek парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің ұлым сәуірден бері Актөбеде әскери борышын өтеді. Кеше қайғылы жағдай болды. Борышын жақсы өткеріп жатқан. Оны ешкім ренжіткен жоқ, ешқандай қиындық болған жоқ. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы еді. Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрін анықтайды деп үміттенемін.

Сондай-ақ, оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауларыңызды сұраймын. Сот-медициналық сараптама алдында ұлымды көрдім - көгерген, ұрған іздер жоқ", - деді сарбаздың анасы.

Бұған дейін Актөбе гарнизонының баспасөз қызметі Актөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаздың қаза болғаны туралы хабарлама таратқан еді.

"2023 жылдың 23 қарашасында Актөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде күзет қызметін атқару кезінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекітілген қарудан оқ ату арқылы суицид жасады", - делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды, деп қосты баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети