07 маусым 2016 | 11:35

Ақтөбедегі атыс кезінде ерлікпен қаза тапқан сарбаз ОҚО-да жерленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 7 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында Ақтөбедегі арнайы операция кезінде қаза тапқан сарбаз Досбол Сапарды жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 7 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында Ақтөбедегі арнайы операция кезінде қаза тапқан сарбаз Досбол Сапарды жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерлікпен қаза тапқан сарбазды ақтық сапарға шығарып салуға ауыл тұрғындары, сонымен қатар, ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов пен ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов келді.

Облыс әкімі жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, отбасының қайғысын бөлісті. "Осындай жас баладан айырылу өте қиын. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз, - деді әкім. - Әкімдіктің атынан қаза тапқан сарбаздың отбасына бес миллион теңге көлесінде қаржылай көмек көрсетіледі. Оның екі миллион теңгесі тапсырылды". Сонымен қатар, облыс әкімдігінің Мәдениет және спорт министрлігінен осы ауылдағы көшелердің біріне қаза тапқан сарбаздың есімін беруді сұрайтыны белгілі болды.

Айта кетейік, 19 жастағы сарбазға ерлігі үшін мемлекеттік марапат та беріледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов айтты.

Қаза тапқан сарбаздың туысы Айдарбек Сапар Досбол туралы айтып берді. "Оған қызмет ету ұнады. (...) Әкесі жақында ғана онымен сөйлескен еді. Күзде қайтатынын айтқан болатын", - деді ол.

Айта кетейік, Ақтөбедегі арнайы операция кезінде ОҚО-ның тағы бір тумасы - 22 жастағы Сырым Сүндетов те ауыр жараланды. Сатовтың айтуынша, оның отбасына да материалдық көмек көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети