Ақтөбедегі қанды төбелеске қатысушылар сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі қанды төбелеске қатысушылар сотталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты колледж студенті қаза тапқан жаппай төбелестің тоғыз қатысушысына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты колледж студенті қаза тапқан жаппай төбелестің тоғыз қатысушысына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот былтыр мамырда үш айыпталушының кәмелетке толмаған бауырлары арасындағы жанжалға сілтеме жасап, жәбірленуші М.-ден және өзгелерден 300 мың теңге не болмаса iPhone 13 талап еткенін анықтады. Оларды қарумен қорқытқан.

Төбелеске қатысқан барлығы 32 адам түн ортасында Ақтөбедегі базарлардың бірінің автотұрағында кездескен. Келіссөз барысында айыпталушылардың бірі мылтықтан жәбірленушілердің бағытына үш рет оқ атқан. Құтылмақ болған жігіттер қаша жөнелген. Бес айыпталушы екі ВАЗ көлігімен олардың артынан қуып, басып кетуге тырысқан.

Жәбірленуші М. оқтан жараланып, жерге құлаған. Сол сәтте айыпталушылардың бірі оны бірнеше рет тепкілеп, екіншісі жұдырықпен бетінен ұрған. Артынша қақтығысқа қатысқан тағы үшеуі оны бірнеше рет өмірлік маңызды органдарына пышақ сұғып, қолы мен аяғының сіңірлерін кесіп жіберген. Жәбірленуші алған жарақаттарынан қаза болды. Тағы сегіз жәбірленуші жеңіл жарақат алған.

Сот алдында 10 адам жауапқа тартылды, олардың ешқайсы кінәсін мойындамады. Алайда айып жәбірленушілердің айғақтары, сараптамалар қорытындылары және сотта зерттелген өзге де дәлелдер арқылы дәлелденді.

Жасаған қылмыстарының жиынтығы бойынша айыпталушылардың бірі 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екеуі 20 жылға сотталды. Қалғандарына 11,5 жылдан 15,5 жылға дейінгі жаза тағайындалды.

Жәбірленушілердің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды: үш айыпталушыдан моральдық зиян ретінде әрқайсынан 10 миллион теңгеден өндірілді. Бұдан бөлек, ортақ тәртіппен 986 384 теңге материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети